«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Саға жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Сагинская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Саға ЖББОМ 2025-2026 оқу жылындағы мектеп формасы
2025-2026 оқу жылындағы 1-11 класс оқушыларына арналған мектеп формасы:
Ер балаларға: ақ түсті жейде, қою көк түсті көкірекше (жилет), қою көк түсті классикалық шалбар, қара немесе қою көк түсті классикалық аяқ-киім.
Қыз балаларға: ақ түсті жейде, ақ түсті бантик, қою көк түсті көкірекше (жакет), қою көк түсті белдемше (юбка), ұзындығы тізеден төмен болуы тиіс.
Ескерту!!!
❗❗❗Тізеден жоғары қысқалықта киюге болмайды🚫
❗❗❗Ер балалардың шалбарының ұзындығы тобықтан төмен болуы тиіс🚫
❗❗❗Қыз балалар белдемшесінің ұзындығы тізенің жабылуымен шектелуі тиіс🚫
❗❗❗Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды🚫
*
Дене шынықтыру сабағына ақ футболка, спорттық костюм, кроссовки.
*
Мектеп оқушыларына қойылатын жалпы талаптар: мектеп формасы қатаң сақталуы тиіс! Ер балалардың шаштары қысқа үлгіде алынуы тиіс. Қыз балалардың шаштары өрілген, жиналған, тырнақтары алынған, косметикалық бояу қолданбауы тиіс!
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
«Саға жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Сагинская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»






