20 Мамыр 2022
Страницы "Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі" КММ

Саға жалпы білім беретін орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы 2021-2022 оқу жылының І, ІІ және ІІІ тоқсаны бойынша жүргізілген жұмыстары туралы

          

          «Жас Ұлан» балалар ұйымы 2021-2022 оқу жылына жылдық жоспар құрып, сол жоспар бойынша әр тоқсанда өз жұмыстарын жүргізді. 

        «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі – аға тәлімгер Г.Б.Жумагалиева, Ұланбасы – 8-сынып оқушысы Еркебай Ағлен Бірімбетқызы. «Жас Қыран» құрамында 35 оқушы, «Жас Ұлан» құрамында 54 оқушы бар, барлығы – 89 оқушы.

          09.09.2021 күні оқушыларға салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында  ұйымдастырылған «Денсаулық фестивалі - 2021» атты эстафеталық жарыстарға «Жас Ұлан» ұйымы қатысып, белсенділік танытты.

         Тілдер мерекесіне орай «Жас Ұлан» ұйымы «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге үйретіп, олардағы негізгі ойды білдіру.

            Жасөспірімдер мен жастарға, ата-аналарға отбасы құндылықтарымен бала тәрбиесіндегі алатын орны туралы насихаттау мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеге оқушылар белсенділік танынытып қатысты. Жақсы орындалған жұмыстар 1, 2, 3 орындармен марапатталды.

 

23.09.2021 күні оқушыларға жол белгілері, жаяу жүргіншілердің міндеттері туралы, жалпы жол ережесі туралы мағлұмат беру мақсатында «Сақта жолдың тәртібін!» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында Жасұландықтар оқушыларға жол тәртібі ережесін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету, оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу, балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Сақта жолдың тәртібін!» тақырыбында «Жас Қыран» ұйымының мүшелері көрініс қойды.

«Жас Ұлан» ұйымы қыркүйек айында «Зиянды әдеттерден сақ бол!» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге бастауыш сынып және 5-7-сынып оқушыларынан тақырыпқа сай суреттер жинақтады. Жақсы салынған жұмыстардан мектеп дәлізіне көрме жасақталды. Оқушылар үздік жұмыстарды анықтап, ынталандыру мақсатында мақтау қағаздарын тапсырды.

                   27.09.2021 күні Саға жалпы білім беретін орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасын сайлауы ұйымдастырылды. Сайлауға үміткер 8-сынып оқушылары өз сайлау алды бағдарламасымен мектеп оқушыларын және ұстаздарын таныстырды.

           «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасына үміткер оқушылардың тізімі төмендегідей:

8-сынып оқушысы Аязбиева Динара;

8-сынып оқушысы Еркебай Ағлен;

8-сынып оқушысы Еркебай Ақұлан;

8-сынып оқушысы Боранбай Нұрбол;

8-сынып оқушысы Қуантай Нұрсұлтан.

           Сайлау әділ, шынайы өтті. Барлық сайлаушылар кезекпен, санитарлық талаптарды сақтай отырып дауыс берді. Сайлауға барлығы 87 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша дауыстың басым бөлігімен «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы болып 35,6 пайызбен  8-сынып оқушысы Еркебай Ағлен Бірімбетқызы сайланды.

          Сайлау қорытындысы:

8-сынып оқушысы Аязбиева Динара – 9,2

8-сынып оқушысы Еркебай Ағлен – 35,6

8-сынып оқушысы Еркебай Ақұлан – 25,3

     8-сынып оқушысы Боранбай Нұрбол-8,0

8-сынып оқушысы Қуантай Нұрсұлтан-21,8

 

           Саға ЖББО мектебінде 2021 жылдың қыркүйек айында «Мәдениеттілікті өзіңнен баста» акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акцияның мақсаты: оқушыларды мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. «Мәдениеттілікті өзіңнен баста» акциясы барысында «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері аға тәлімгер Г.Б.Жумагалиеваның жетекшілігімен бейнеролик түсірді және оны мектеп парақшасына жүктеді.

  

            Саға ЖББО мектебінде 2021 жылдың қыркүйек айында «Таза әлем» экологиялық жобасы аясында «Эко Әлем» үстел ойыны ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты балалар мен жастар арасында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.

           Ойыншылардың саны: 2-ден 6 адамға дейін. Ойындағы жүріс асық арқылы жүзеге асырылады. Қолмен қағаздан жасалған доптың түсуіне арналған себет ойыншылардың қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне лақтыру керек екенін түсінуі үшін арналған. X аймағы «Қоқыс үйіндісі» деп аталады, себебі ол жерде белгілі ойынның элементтері –тас, қайшы, қағаз (басқаша аты «Сулифа») барлығы бірге жатады. «Фортуна» аймағы қолайлы және жағымсыз жағдайларды, табиғи құбылыстарды және т. б. қамтиды. Миссиясы: Әрбір адам өз өмір жолында көміртекті із қалдырады. Су мен энергияны шамадан тыс тұтыну, автомобильмен жүру, шетелдік тауарларды сатып алу, тіпті мессенджер арқылы хабарлама жіберу қоршаған ортаға зиян келтіреді. Сондықтан әрбір азаматтың міндеті – көміртекті іздің төмендеуіне ықпал ететін өмір салтын ұстану. Ойынның басында әрбір ойыншыға 50 тонна CO2 беріледі. Бұл ойынның мақсаты-көміртекті ізді азайту және қаланы қоқыстан тазарту. Ойын қатысушылардың бірінің көміртек ізі 0-ге төмендегенге дейін жалғасады

 

Дәстүрлі жыл сайынға 1 қазан – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ қарттар күні мерекесіне орай 01.10.2021 күні Саға ЖББОМ-нің «Жас Ұлан» балалар ұйымы мен мектеп тәлімгері Г.Б.Жумагалиева ауыл қарттарын құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, қарттарымыздың өнегелі әңгімесін тыңдап, ақ батасын алды.

 

          Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған «Мұғалімді құрметте!» акциясы аясында еліміздің танымал тұлғалары Саға ЖББОМ ұстаздарына құттықтау тілектерін білдіріп, видео сәлемдеме жолдады. Атап айтар болсақ, ақын-композитор Куспанов Мербол Оразбекұлы, Айтуған Ардақ, облысымызға танымал әнші Сағынов Нурладдин, әнші Орал Байсеңгір, кино және театр актеры Мақсат Сәбитов.

«Ұстаз – келер күннің ұстазы» демекші ұстаздар қауымын мектебіміздің түлектері де видео жолдау арқылы құттықтады.

Ұстаздар қауымын Саға ЖББОМ-нің оқушылары да ерекше құттықтады. Мұғалімдерге құттықтау хаттарын таратып, әндер жолдап, жылы лебіздерін білдірді.

 

           Қазан айының бірі күні мектепте «Құрметтейік ұстазды!» ұранымен «Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Бір апта бұрын «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастыру жоспары жасалып, сол жоспар бойынша жүзеге асырылды. 11, 10-сынып оқушылары төменгі буындарға мұғалімдердің орнына сабақ берді. Бастауыш сыныпқа бөлінген тәлімгерлер де қалыс қалмады. Оқушылар ұстаз болып, шеберліктерін байқата білді. Нәтижиесі жаман емес. Әрбір оқушы өзіне тиесілі сабақтарға жоғары деңгейде дайындалып, өздеріне сабақ берген ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиелерін іс жүзінде тамаша қолдана білді. Тіпті кейбір оқушылар оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сабақтарын қызықты өткізіп, ұстаздарының көңілінен шыға білді.

«Өзін-өзі басқару» күнінің ерекшелігі - оқушылар тек сабақ өткізіп қана қоймай, сынып белсенділері мектеп әкімшілігінің ішкі жұмыстарына да араласып, өз шеберліктерін танытты. Бірі- директор болып басшылықты қолына алса, бірі - тәрбие жұмысының орынбасары болып, бір сәтке болсын өздерін білікті маман ретінде көрсете білді.

18.10.-22.10.2021 күні аралығында «Арайлы Алтын күз» тақырыбында 1-8-сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар қызығушылықпен қатысты.

 

         Сонымен қатар, 5-9-сынып қыз балаларының арасында «Күз ханшайымы» атты байқау ұйымдастырылып, нәтижесінде, жақсы өнер көрсеткен 5-сынып оқушысы Сүйіншәли Айару «Бас жүлдені» иеленді.

           2021 жылдың 18-22 қараша аралығында 1-11 сынып оқушыларының күнделіктері тексерілді. Тексеру мақсаты: сынып жетекшісінің оқушылар күнделігімен жұмысының жүйелігі, ата-аналар тарапынан күнделік арқылы оқушылардың оқуын және тәртібін қадағалау, оқушылардың күнделікке жауаптылықпен қарауы. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер сынып жетекшілеріне ескертілді. Тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылды.

              «Кітабыңды құрметте, күтіп ұста кірлетпе!» атты рейд барысында 1-11-сынып оқушыларының кітап тазалығы тексерілді. Тексеру барысында көпшілік оқулықтар қапталмағандығы анықталды. Оқулықтары қапталмаған оқушылардың сынып жетекшісіне ескертулер айтылып, оқулықтарын қаптау қатаң тапсырылды. 

22.11.2021 күні ер балаларға арналған «Заң білімі – заман талабы» атты тәрбиелік сағат өтті. Бұл іс-шараға мектебіміздің құқық пәнінің мұғалімі Асан Бекарыс Шабанбайұлы шақырылды. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, бейнероликтер көрсетілді. Ата-бабамыздың құрылтайда кеңесіп, «Жеті жарғыны» жаңғырту сәтінен көрініс қойылды.

 

            Оқушылар арасында өрт қауіпсіздігінің алдын алу, балалардың жарақаттануының алдын алу жұмыстарын оқыту және тиімділігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 6-10 желтоқсан аралығында Саға ЖББО мектебінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері де бұл шаралардан тыс қалмай, өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.

       13.12.21 күні Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын карантин талаптарына сай ұйымдастырылды. Жиында 2-сыныптың 13 оқушысы «Жас Қыран» қатарына, ал 5-сыныптың 12 оқушысы «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Оқушыларға көк түсті галстук және төсбелгі тағылды. Сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғандығын растайтын сертификаттар табысталды.

 

 

            15.12.2021 күні Тәуелсіздік мерекесіне орай «Ел бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»   тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар туған жеріне, еліне, Тәуелсіздікке арналған патриоттық әндерін арнады. Оқушылардың барлығы мерекелік іс-шараға жақсы дайындықпен келген, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізе білді.

          29.12.2021 күні «Қауіпсіздік негіздері» пиротехникалық құралдарын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша барлық сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Күнделікті жұмыстар уақытылы орындалып отырылды. Мектеп ережесінің орындалуы бақыланды. Ұйымдастырылған барлық жұмыстарға «Жас Ұлан» қатарындағы оқушылар өздерінің тың ойларын, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп белсенділік танытты.

              «Жас Ұлан» балалар ұйымының жоспарына сәйкес 19.02.2021 күні ұйым мүшелері ауылымыздың қарттары С.Жаманов пен  А.Кемаловтың үйіне барып, аула тазалау, шөп жинау сияқты жұмыстармен көмек көрсетті.

 

          

    09.02.2021 күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – халықтың жүрегінде» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке мектебіміздің белсенді оқушылары мен жас мамандары қатысты. Ақиық ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шарада М.Мақатаевтың өлеңдері оқылып, әндері айтылды. Сонымен қатар өмірінен үзінді көріністер көрсетілді.

           24.02.2022 күні «Жас ұлан» ұйымының мүшелері ауыл қарттарының үйіне барып, аулаларын қардан тазалады.     

    

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп дәлізіне жәшік орнатылып, жәшікке ұстаздар мен оқушылар өз лебіздерін білдіріп, алғыс хат салды.

 

               8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 04.03.2022 күні «Ана – тіршіліктің бастауы» атты мерекелік концерт өтті.

Күнделікті жұмыстар уақытылы орындалып отырылды. Мектеп ережесінің орындалуы бақыланды. Аптаның жұма күндері оқушылар өз кабинеттеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырылған барлық жұмыстарға «Жас Ұлан» қатарындағы оқушылар өздерінің тың ойларын, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп белсенділік танытты.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар